Алматыда коронавирус жұқтырғандардың бірінің жағдайы нашарлады
Алматыда коронавирусты жұқтырғандардың бірінің жағдайы нашарлады, — деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Бұған дейін хабарланғандай, барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық. Алайда, бүгін, 19 наурыз күні Әбілдаев бір науқас орташа дәрежедегі ауыр жағдайда екенін айтты.«Коронавирус жұқтырғандар қазіргі таңда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында. Балалар ауруханасында коронавирус диагнозы расталған екі жастағы бала және анасы жатыр. Бір емделушіде өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуына байланысты орташа дәрежедегі жағдай, қалғандары қанағаттанарлық», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.