Алматыда өрт сөндіру көлігімен соғысқан жеңіл автокөліктің жүргізушісі қаза тапты
Алматыда өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry автокөлігі соғысып, салдарынан бір адам қаза тапты.
Алматыда өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry автокөлігі соғысып, салдарынан бір адам қаза тапты.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 қараша күні сағат 00:40 шамасында Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі жарқылдауық шамдарын қосып, шақыртуға бара жатқан. Жол қиылысынан өту кезінде Toyota Camry автокөлігімен соғысқан.
Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, оқиға орнында көз жұмды. Ал өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.