Live

"Қазақмыс" миллиардер Владимир Кимге 2025 жылы 770 млрд теңге таза пайда әкелді

2025 жылы "Қазақмыстың" таза пайдасы 1,54 млрд долларға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш небәрі 18,9 млн доллар болған.

Владимир Ким

Өткен жылғы пайданың басым бөлігі (1,36 млрд доллар) тоқтатылған қызметтен түскен. Ал жалғасып жатқан операциялардан түскен таза пайда 180,4 млн доллар болды.

Топтың жылдық табысы 31%-ға өсіп, 483,4 млн доллардан 631,8 млн долларға жетті. Жалпы пайда 6,6 млн доллардан 163,9 млн долларға дейін артқан. Ал операциялық пайда 15,1 млн доллар болды. Салыстырмалы түрде, 2024 жылы компания 157,3 млн доллар операциялық шығынға ұшыраған.

Бұл деректер компанияның 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есебінде көрсетілген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз