Live

Қазақстандық бортсерік Кувейтте ауыр халде ауруханаға түсті

Қазақстандық бортсерік Кувейтте ауыр халде ауруханаға түсті

1

Қазақстандық 25 жастағы бортсерік Непалдан ұшып келгеннен кейін Кувейтте жансақтау бөліміне түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, рейстен соң экипаждың барлық мүшесінде дене қызуы көтеріліп, қатты бас ауруы басталған.

Екі күннен кейін қыздың жағдайы тұрақталғанымен, бірнеше күн өткен соң ауруы күрт асқынған. Ол бағдардан жаңылып, тіпті жақындарын да танымай қалған.

Қазақстандық дипломаттардың көмегімен бортсерікті қайтадан ауруханаға жатқызды. Қазір дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, бірнеше ықтимал диагнозды қарастырып жатыр. Әзірге оның ауыр жағдайға түсуіне нақты не себеп болғаны белгісіз.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Министрлік жағдайды өз бақылауына алған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ұшақ
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз