Қоғам

Алматыда перинатология орталығында COVID-19-дан соңғы науқас айығып шықты

Бөлімшеде 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сына кесарево отасы жасалған.

Алматыда перинатология орталығында COVID-19-дан соңғы науқас айығып шықты

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан айыққан соңғы науқас шықты. Бұл туралы Алматы  қалалық әкімдігінің  Telegram-каналында жазылды. 

«Кеше біз екі жақты пневмониямен ауыратын соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық», — дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.

Пандемияға байланысты орталықта шілдеден бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін 25 провизорлық және жұқпалы ауруға 5 төсекке арналған жұқпалы ауру-провизорлық бөлімше ашылған болатын.

Бөлімше жұмысы барысында 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сына кесарево отасы жасалған. Науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз