Қоғам

Алматыда қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша соталды тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

"Ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді. 2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 миллиард теңге тартылды. Соталды тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді", — делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот үкімі бойынша қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен қатар, пирамида схемасының тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз