Қоғам

Алматыда тұмауға қарсы вакцинаға сұраныс артты

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныстың күрт артқанын нақтылады.

Алматыда тұмауға қарсы вакцинаға сұраныс артты

 

— Қазір, әсіресе тұмауға қарсы вакцинаға деген сұраныс күрт артты. Егер 2019 жылы вакцинаның 100 мың дозасын 1 желтоқсанда түгессек, онда осы жылдың қазан айында алматылықтар 130 мың доза вакцина алды, — деді ол.

Оның айтуынша, қосымша 56 мың вакцина алдыртылған.

— Қоймаға тапсырыс берген 300 мың дозадан бөлек қосымша 56 мың доза келіп түсті. Қазір екпеден бас тартып жатыр деп айта алмаймыз. Керісінше, вакцинацияға деген сұраныстың артуы байқалады, — деп сөзін қорытындылады Бекшин.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз