Алматының базарлары індеттің ошағы
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, санитарлық басдәрігер Жандарбек Бекшиннің назарына!
Сағынтаев пен Бекшин Алматы базарларын ретке келтіре алама ?
Дүниежүзін әбігерге түсіріп, ылаңдатқан Қытайдан шыққан қатерлі індетеліміздегі халықтың төзімін тауысқан сыңайлы. Оны редакциямызға келіп жатқанхаттар айғақтайды.
Базардағыбассыздық
«Міне, бүгін өз бетімізбен оқшауланып, үйдетығылып отырғанымызға 35 күн болды. Бала туған қатындар баласы қырқынаншыққанша үйден шықпай, қалжаның етін жеп, шілде терін шығарып, далаға шығақалса аузы-басын тұмшалап жүруші еді. Тура сондай болдық», – дейді бізге хатжолдаған оқырмандарымыздың бірі.
Биыл көктем ерте шықты. Ата-бабаларымыз «көктемніңбір күні жылға азық» деп бекер айтпаған. Сондықтан біз «карантин тезірек бітсе екен, елге кесіріміз тимесе екен»деп, сақтық шараларын сақтап, үйден шықпай отырмыз. Ал Алматы базарларындағысаудагерлер карантиндегі елдің дәрменсіздігін пайдаланып, ойына келгендіістеуде: азық-түлік бағасын еселеп көтеріп алды, сақтық шараларын сақтамайды.
«Ол аз болғандай, ҚР «Сауда туралы» заңын,карантин режимі аясында бекітілген санитарлық нормаларды місе тұтпай, ойынакелгенін жасап жатыр. Базардағы өзбек, армян, тәжік сияқты сырттан келгенсаудагерлер Қазақстан Республикасының заңдарын өрескел бұзып, ойына келгендеріністеуде. Маска тағып, қолына резеңке перчатка киген бір жанды көрмейсің. Сондаоларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ па? Әншейінде қарапайым халықтытүрлі шектеулермен қақпайлайтын Бақытжан Сағынтаев басқаратын мегаполисәкімдігі қайда қарап отыр? Санэпидемстанция қайда? Неге тиісті шаралар қолданбайды? Санитарлықбас дәрігер не бітіріп отыр? Неге тоқтатпайды мұндай бассыздықты?! Осындайқаскөйлердің іс-әрекеттері салдарынан коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнгеөсіп келеді», – дейді ашынған оқырман.

Қолын жайған жұрт
Көтерме сауда базарындағы, Көк базардағымұндай бассыздықты көрген оқырманымыз өткен жұма, 24 сәуірде бұл жерлерденазық-түлік сатып алуға жүрексініп, І Алматы жақтағы «Ақ жол» супермаркетінебарыпты. «Дүкеннен керек-жарағымды алып машинаға келсем, алдымнан жасыотыздардан асқан бір қазақ жігіті шығып, «аға, істейтін жұмыс жоқ, тамаққа тиын-тебенберіңізші» деп жылағандай болып тұр. Түріне қарасам, маскүнемге ұқсамайды,ауылдың қарапайым қазағы. Ана жігітке қарап жүрегім ауырды. Қалтамдағы бар тиын-тебенімді тастап кеттім»,– дейді әңгімесін жалғастырған хат иесі.
Алматыдай алып қалада мына жаман індетсалдарынан, әкімқаралардың қырсыздығынан сол жігіт сияқты қаншама азаматәркімге қолын жайып жүр екен?! Ал оларды үйінде бала-шағасы күтіп отырғаншығар.
«Міне, түнгі сағат бір жарым болды. Базарлардаазық-түліктің бағасын еселеп көтерген тексіздерді көріп, солардың кесірінен біртапқаны бір тапқанына жетпей жүрген жаңағы жігіт сияқтыларды ойлағанда ұйқы дақашып кетеді екен. Егер ертең ашыққан, ашынған халық көтерілсе не болмақ?! Мына парламентте отырған депутаттар осындай қысылтаяң кезде негеөздерінің сайлау учаскелеріне барып, халықтың жағдайын көзбен көріп, үкімет басында отырғандарға жағдайды оңалтудыңжолдарын неге ұсынбайды?» – дейді жанайқайын жеткізген автор.
Сайлау алдында «халқым үшін жанымды беремін»деп, әлемге жар салған депутаттардың көзден ғайып болғанына налыған оқырман «Бәрікоронавирустан қырылып қалған ба?» – дейді.
Бейқамдық түбімізгежетеді
Айтуынша, мына түрімізбен бір жылкарантинде отырсақ та ешқандай оң нәтиже шықпайды. Өйткені қарапайым халықжылдар бойы бойына сіңген бейқамдығынан арылар емес. Мәселен, Көк базарда қымызсатып тұрған келіншек маска, резеңке перчатка киюді былай қойғанда, қымызды бұрын қолданыста болған пластик бөтелкеге құйып беруде.Ал оның бұрын қандай мақсатқа пайдаланылғаны құдай білсін. Телевизордан «бәрін қырдық-жойдық,коронавирустың алдын алуға бағытталған іс-шараларды атқаруға пәленбай миллиардқаржы бөлінді» деп көрсетіп жатқандары мен шынайы өмірде болып жатқанбассыздықтардың арасы жер мен көктей екенін халық көріп отыр. Қазір елдің бәрісауатты. «Осыдан кейін біздің билікке кім сенеді, үкіметте қандай бедел болады?Айта берсең, проблема бастан асады. Бәрін ойласаң мүлдем ұйқың қашып, жынданыпкетесің».
Сатушыға сотжоқ па?
Осы орайда, оқырман тағы бір мәселегеназар аударыпты: базарларда бір емес, бірнеше полицей жүр екен, бірақ олардыңсақтық шараларын өрескел бұзып жатқан сатушыларда шаруасы жоқ. Осындайда көшедекетіп бара жатқан бірді-екілі әйелдер мен ер-азаматтарға тәртіп сақшыларының «карантинережелерін сақтамадың» деген желеумен тиісіп жатқанын көргенде еріксіз қайран қаласың.Сонда елге кімнің зияны көп тиеді: шаруасымен көшеге шыққан азаматтың ба, әлдесақтық шараларын өрескел бұзып, қорғаныс құралдарын (маска, резеңке перчатка)пайдаланбай, сауда жасаған сатушыдан ба?!

«Ал Пушкин көшесінің бойында маска тақпай,күмәнді ұялы телефондарды қолдан сатып жүрген бір топ жігіт карантинге қамалғанқалада өздерін неге солай еркін сезініп жүр? Әлде полициядағы «көкелеріне»әбден сеніп алған ба?» – дейді оқырман.
Оқырманымыздың пайымдауынша, қарапайымхалықтан басқаның бәрі карантиннен пайда тауып отыр. Сатушылар бағаны еселепкөтерген. Полиция мен базарлардың әкімшіліктері саудадағы бассыздыққа бармақбасты, көз қысты жасап, ұпайын түгендеп алған сыңайлы.
Хатсоңында автор жексенбі күні жолы түсіп, қайтадан көтерме сауда базарынабарғанын алға тартады. «Бұл жолы жексенбі болғандықтан ба, базарға кіреберіскекедергі қойып, кезекпен кіргізіп жатыр екен. Мұны көріп, «е, бұлар да ақылғакелейін деген екен ғой» деп көңілденіп қалған едім. Бірақ ішіне кіргеннен кейінаузында маскасы, қолында резеңке перчаткалары жоқ сатушыларды көрген соң,көңілім су сепкендей басылды. Бейне бір «сырты бүтін, іші түтін» бірдеңе, елүкіметін басқарған Сағынтаев пен еліміздің санитарлық бас дәрігері болғанБекшин сынды шенділер тәртіпке келтіре алмаған базар басшыларына дауа жоқекен», – депті хатын тәмамдаған автор.
(Мақаланың соңына базардағы өмірді көрсететін видеоны қоса көрсеттік)
Дәурен ҚАЙЫР,
«Жас Алаш»