Әлеумет

Алматының 43 мың тұрғыны қаладан көшіп кетуге шешім қабылдаған

Almaty Air Initiative зерттеушілері Алматы тұрғындарының ауаның ластануына қатысты көзқарасын анықтау үшін сауалнама жүргізді.

Алматы

 2026 жылғы 18 ақпан мен 11 наурыз аралығында қаланың барлық ауданынан 18 жастан асқан мың адам сауалнамаға қатысқан. Зерттеу нәтижесі тұрғындардың басым бөлігі ауаның ластануын денсаулыққа қауіп төндіретін мәселе деп санайтынын көрсетті. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда тұрақты өсіп келеді. Алайда қала тұрғындарының көбі ауа сапасын қайдан тексеруге болатынын және әкімдік ауаны тазарту үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын білмейді.

Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың айтуынша, Алматыдағы шамамен 43 мың ересек тұрғын қаладан көшіп кетуді ұйғарған. Көшу мүмкіндігін қарастырып жүргендердің 57,2 пайызы бұған негізгі себеп ретінде ауаның ластануы мен денсаулыққа қатысты мәселелерді атаған. Сауалнамаға қатысқандардың 31,3 пайызы әкімдік ауа сапасын жақсарта алатынына сенбейді және қаладан көшу туралы шешім қабылдап қойған. Ал 18,1 пайызы жағдайдың жақсаратынына үміт артады.

Almaty Air Initiative басшысы Жұлдыз Саулебекованың сөзінше, қала тұрғындары түтіннің пайда болуына жылу электр орталықтарын (ЖЭО) жиі кінәлай бастаған. Дегенмен алматылықтар ауаны ластайтын негізгі көз ретінде әлі де автокөліктерді атайды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Алматы көшу
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз