Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:24, 25 Сәуір 2024

Amnesty International: Қазақстанда сөз бостандығы мен адам құқығы шектелген

d
Фото: из открытых источников

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Қазақстанда сөз бостандығы мен адамдардың бейбіт жиналыстар туралы құқығы негізсіз шектеліп келеді, деп хабарлады.

Ұйым 2023 жылдағы адам құқықтарына қатысты зерттеу жасап, 155 мемлекеттің ахуалын көрсеткен. Аталған ұйымның Қазақстанға арналған бөлімінде Қаңтар оқиғасы, саяси белсенділердің қудалануы туралы айтылады.  

Қазақстанда сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар мен бірлестіктердің құқықтары негізсіз шектеліп келеді. 2022 жылдың қаңтарындағы жаппай наразылықтар кезінде заңсыз өлтіру, азаптау және басқа да қатыгездік түрлері үшін қауіпсіздік күштерінің қудалау әрекеттері жалғасты. Полиция саяси талаптармен шыққан көшедегі бейбіт наразылық шерулеріне кедергі келтіріп отырды. Тіркелген діни ұйымдардан тыс діни іс-әрекетке тыйым салынды. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық кең таралған күйінде қалды. Климаттың өзгеруімен күресу саясаты тиімсіз болып қалды, делінген хабарламасында.

Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары туралы айтылады. 

Халықаралық қылмыстық сот (ICC) президент Владимир Путинді қамауға алу туралы ордер берді, бірақ оның сапарларын қабылдаған тараптардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан және Сауд Арабиясы болды. Қазақстан билігі бұл елмен ынтымақтастықты тереңдету арқылы Батыс елдерінің Ресейге қарсы айыптауларын жоққа шығарып, салған экономикалық санкцияларына нұқсан келтірді, деп хабарлады ұйым.

Сонымен қатар, ұйым баяндамасында бір жыл ішінде Қазақстанның құқық қорғау қоғамдастығы құқық қорғаушылар, белсенділер, блогерлер мен журналистер саяси себептермен түрмеге жабылған 23 жағдайды тіркегенін айтады. 

Одан бөлек, Қазақстанда оппозициялық саяси партияларды немесе қозғалыстарды қолдағаны үшін он адам әділетсіз сот процесінде кінәлі деп танылып, түрмеге жабылғаны, Марат Жыланбаевтың «экстремистік әрекеттерді қаржыландырды және қолдады» деген айыппен жеті жылға сотталғаны туралы баяндалған.  

Фото: GETTY IMAGES