Қоғам

Анасын пышақтап, елден қашып кеткен ер адам Вьетнамда ұсталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды.

Экстрадиция

Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде, жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін күдікке іләнді. Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз