Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:51, 26 Ақпан 2026

Апелляциялық сот Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша шешім шығарды

Айзат Жұманова
Фото: Жас Алаш коллаж

Айзат Жұманованың қазасына байланысты резонансты қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралып, сот соңғы шешімін жария етті.

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушыға тағайындалған жазаны күшейтуді талап етті. Ал қорғаушы тарап, керісінше, үкімді жеңілдетуді сұраған.

Іс материалдарын зерделеген апелляциялық сот бұл қылмыс «Адам өлтіру» бабының талаптарына толық сәйкес келетінін атап өтіп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске сала кетейік, Айзат Жұманованы өлтірді деп айыпталған күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.