Қоғам

АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

АҚШ-та қазақстандық қызды өлтіріп кетті. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

Оқиға Миннесота штатының Сент-Пол қаласында 16 ақпан күні болған. 

«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан азаматы белгісіз жағдайда қаза болды. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», – делінген хабарламада.

Полиция аталған факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті деп танылған азамат ұсталды. 

Қазақстанның Америкадағы елшісі марқұмның туыстарымен байланысқа шыққан.  

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз