Әлеумет

Ақтөбеде балалар моланың қасында ойнайды

Ақтөбенің маңындағы ауыл балалары бейітке асығады да отырады. Оған себеп- Өрлеу ауылындағы жаңадан салынған спорт алаңы.

Ақтөбеде балалар моланың қасында ойнайды
Атқамінерлер балалар ойнайтын алаңға тура христиандар жерленген бейіттің алдынан жер беріпті. Ата-аналар «ауылда басқа жер құрып қалғандай, неге зираттың жанынан салған» деп наразылықтарын айтып отыр.«Саябақты бейіттің тап алдынан салғаны дұрыс емес. Бұл бір жағынан санитарлық нормаға сай емес, әрі адамгершілік тұрғысынан да қисынсыз деп санаймын. Ол жер саябақ болғасын, көп адам жиналады.Түрлі шаралар өткізіледі.Айқай-шумен өлі әруақтардың мазасын алады. Оны ескермегені дұрыс болмады», — дейді Өрлеу ауылының тұрғыны Рысты ЕЛМҰХАМБЕТОВА.Бір қызығы, спорт алаңын тұрғызар кезде атқарушы билік өкілдері ауылдың адамдарымен ақылдаспапты.«Ешқандай келісім болмады. Пкірімізді сұраған адамды да көрмедім.  Біздің саябаққа еш қарсылығымыз жоқ. Балаларға ойнайтын жер керек, түсінеміз. Онсыз да жазғы демалыс басталса, балалар босып кетеді, баратын жер таппай. Бірақ, дәл осылай бейіттен 20 метр жерге тұрғызбай, басқа жерге салса болар еді ғой?! Мысалы, балалардың өзі үйден кетерде «біз алаңға ойнауға кеттік демейді, бейітке кеттік» дейтін көрінеді. Бұл меніңше, дұрыс емес»,- дейді ауыл тұрғыны Галина ДИК.Өрлеу ауылы бұған дейін Ақтөбенің Қурайлы елді мекеніне қарайтын. Кейін Ақтөбені Астана мен Алматы аудандарына бөлгеннен кейін жаңадан пайда болған Алматы ауданына бағынады.Ауылда 400-ге тарта түтін бар. Екі мыңнан астам тұрғын тұрады. Халықтың наразылығынан Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімдегіндегілер де хабардар екен. Бірақ, спорт алаңына  қорымның маңайынан жер бөлудің өзіндік себептері бар деп отыр.«2017 жылдың ақпан айында қалалық жер қатынастар бөлімі спорт алаңына деп жер бөлді. 1- гектарға жерге стадион салып, сол жерге 350 тал ектік. Таңдаудың бейіт маңындағы аумаққа түскен себебі – ол жерде жаңа мектеп бар. Әрі жанынан  мемлекеттік-жеке серіктестік аясында  балабақша салынатын болады. Осының бәрін ескердік. Бейітке келетін болсақ, ол жерде христиандардың зираты бар. Оның сырты қоршалған. Енді қазір  спорт алаңы жақ бетін биік дуалмен қоршауды жоспарлап отырмыз»,- дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Аманбек ШАЛАБАЕВ.Фотолар автордікі.МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз