Ақтөбеде газ қымбаттады
Ақтөбедегі сұйытылған газ сататын бекеттер жаппай тексеріліп жатыр. Себебі,көлікке арналған газды кәсіпкерлер бір күннің ішінде он теңгеге себепсіз қымбаттатыпжіберген.
Осыдан бірер күн бұрын бұл аймақта сұйытылған газдың литрі 58-60 теңгетұрды. Бекеттегілер оны жетпіс теңгеге дейін көтерген.Тек тексерушілердіңшықққанын естіген соң ғана бағаны бес теңгеге түсіріпті. Бұдан бөлекбекеттегілер газ құнын қымбаттатуға не себеп болғанын тәтпіштеп, есеп берулерітиіс. Егер дәлелдей алмаса барлығы бірдей айыппұл арқалайды. Айта кетелік,Ақтөбедегі көліктердің жартысынан көбі газбен жүреді. Айына энергетика министрібөліп берген тоғыз мың тонна газдың өзі жетпей жатады.
«Әлеуметтік газды көтерме бағамен 45 теңгеден сатыпалады. Ал бекеттерде неліктен қымбаттатып жатқанын анықтаймыз. Бір компанияныңәдейі газ сатпай отырғаны белгілі болды.Тек талон арқылы сатып отырғандары дабар. Бұлай болмау керек. Әдейі бағаны көтеру үшін істеулері мүмкін»,-дейді Ақтөбе облыстық бәсекелестікті қорғау жәнедамыту департаментінің басшысы Сағындық ЕРҒАЛИЕВ.
Фотоларавтордікі.