Әлеумет

Ақтөбеде он бес жастағы чемпионды өлтіріп кетті

Ақтөбеде оқушыпышақ жарақатынан көз жұмды. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындаболған жаппай төбелестен тағы екі жасөспірім жарақат алған.

Ақтөбеде он бес жастағы чемпионды өлтіріп кетті

  Полицейлер қазір оқиғаның мән жайын анықтапжатыр.Алайда оқушылар мен студенттер арасында болған қанды төбелестіңсебебін  ешкім ашық айтпай отыр. 

Он бес жастағы Мадияр ИСМАҒҰЛОВ ата-анасының тұла бойытұңғышы, отбасындағы 4 баланың үлкені. Спортқа жақын болған. Еркін күрестен Қазақстанчемпионы. Қайғыдан қан жұтқан жақындары кінәлілер жазасын алып, сот әділ шешімшығарса екен дейді.

«Ақпанның бесі күні оналтыға толатын бала. Жағдайдың қалай болғанын білмейміз.  Інім барып іздеп морктан тауып әкелді. Солжерден хабар естідік. Басқа еш нәрсе білмейміз. Ешкім кешірім сұрап та келгенжоқ. Органдардан да ешкім келмеді. Ештеңе білмейміз»,- деді марқұмның әпкесіМәнсия ИСМАҒҰЛОВА.

Төбелестің неден шыққанынан туыстары да хабарсыз. Тек бірбілетіндері – Мадияр пышақ жарақатынан қайтыс болған. Сол қаралы күні  ол кешкілік дүкенге барып келмекші болып үйден шығып кетті дейді туыстары.Болған жағдайға мектептегілер де сене алар емес. Ұстаздары Мадиярдың өзсыныптастарының алдында тәртіпті, беделді болғанын айтады.

«Бала қайтыс болды дегенхабар келді. Бала салмақты, орнықты, көп сөлемейтін жақсы бала болды. Үлгілібала болды.  Осы жағдайдан кейін  9-10-11кластың балаларына жиналыс жасадық,түсіндіру жұмыстарын қайталап жүргіздік», —  дейді Ақтөбе қаласы № 61 орта мектепдиректорының тәрбие ісі жөніндегә орынбасары Жанат ЕРКЕБАЕВА.

Полицейлер Мадияр Исмағұловтың өліміне қатысы баркүдіктінің ұсталғанын және  «кісі өлтіру»бабы  бойынша сот алды тергеу амалдарыныңжүріп жатқанын айтады. Алайда, төбелестің не үшін, қалай болғаны туралы құзырлымекемелер жақ ашпай отыр.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз