Әлеумет

Ақтөбеде Қазпошта қызметкері зейнеткерлерден миллиондап ақша жымқырған

Ақтөбеде 21 зейнеткердің банкомат карточкаларынан үшжарым миллион теңге ұрланған.

Ақтөбеде Қазпошта қызметкері зейнеткерлерден миллиондап ақша жымқырған

Қазпошта қызметкері қарттарға білдірмей карточкаларыныңкөшірмесін жасатып, рәсімделген құжаттарға солар үшін өзі қол қойып айласыніске асырып отырған. Қазпошта басшылығы қызметкерлерінің мұндай құпия ісінбілмедік деп отыр. Күдікті үстінен арыз түскенше жұмыстан шығып кеткен.  

Қазпошта қызметкері жиырма бір зейнтеткердің әрқайсысынанайына 200 -250 000 теңгеден ұрлап отырған. Енді зейнеткерлер алты айдан беріқолды болған ақшаларын өндіре алмай жүр.

«Зейнетақыны керекуақытында шетінен аламыз. Қалғаны сол шотта тұра береді. Солай жиналып тұрғанақша еді. Ақшамызды жаңа карточка алатын кезде іздедік. Жаңа карточкаға түспейқалған ғой. 255 000 мың теңгемді бірден алған», -  дейді Күләш САРИНА «Жас АЛАШ» тілшісіне.

«Ай сайын 71 911теңге аламын. Қалдық ақшалар қалып қалады. 150 мың теңге жиналып қалған. Біріншірет мың теңге алған.  Сосын қырық мың.Кейін жүз мыңды шешіп алған ғой. Бес-алты мың бар еді  оны да ақыры алыпты. Енді сол қаражаттықайтара алмай сүйретіліп жүрмін», — дейді тағы бір ақтөбелік зейнеткер НиколайКЕНЕГЕСОВ.

Зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған қызметкер Қазпочта АҚАқтөбе филиалында карточка бөлімінде жұмыс жасаған. Алайда басшылық қоластындағы қызметкердің мұндай айласынан хабарсыз болдық. Клиенттердің атынанкарточкілердің көшірмесін қалай жасатқанын да білмедік дейді.

«Бізде біржылдай істеген. Өзі сондай қылмысқа барған. Экспресс карта ашқан. Қазір сотпроцесі болып жатыр. Бәріне қол хат берді. Өзінің кінәсін мойындады», — дейдіҚазпочта АҚ Ақтөбе филиалы қауіпсіздік бөлімінің бастығы Тасболат ТІЛЕУМАҒАНБЕТОВ.

Қазпошта басшылығы осы жағдайдан кейін ғана мекемедеқауіпсіздіктің күшейткенін айтып отыр. Ал ұрланған ақшаны Қазпошта емес,қызметкердің өзі қайтаруы тиіс дейді. Алты айдың ішінде миллиондап ақшажымқырған қызметкер сотта зейнткерлердің карточкілеріне жинаған ақшаны туысыныңбизнесіне көмектесу үшін  алғанын айтыпты.Зейнеткерлер мұндай қылмысқа қазпоштаның бір қызметкерінің өзі барғанынасенбейді.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз