Әлеумет

Арал теңізіне экспедиция аяқталды

Қазақстанның ұлттық географиялық қауымдастығының 20 күнге созылған QazaqGeography «Арал 2018» ғылыми экспедициясы аяқталды.

Арал теңізіне экспедиция аяқталды
Экспедиция мүшелері Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік бөліктерін түгелдей аралап, зерттеп қайтты.Экспедиция 7000-ға жуық шақырымды жүріп өтіп, Қазақстанның тоғыз облысы мен Өзбекстанның жеті облысы және Қарақалпақстан аумағын қамтыған.Арал теңізін зерттеген ғылыми топ оның солтүстік және оңтүстік жағалауындағы гидрологиялық-гидрохимиялық параметрлерді өлшеп, зерттеулер жасаған.  Экспедицияға қатысқан Назарбаев университетінің гидробиологтары су сынамаларын алып тексерген.Ғылыми экспедиция жетекшісі Нұржан Алғашовтың айтуынша, алдын ала зерттеу нәтижелері Арал теңізіндегі тұздылық деңгейі 3,5 промилледен 130 промилле аралығында екенін көрсетіпті. Қызығы, Н.Алғашовтың сөзіне қарағанда, Солтүстік Аралдағы ащылық деңгейі Оңтүстік Аралға қарағанда әлдеқайда төмен. Айталық, Оңтүстік Аралдағы тұздылық деңгейі 130 промилле, ал бұл мұхиттағы орташа тұздылықтан төрт есе жоғары көрінеді.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз