спорт

ФИФА Аргентина құрамасының ұстап шыққан баннеріне қатысты тексеруді бастады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасы ойыншыларының Фолкленд (Мальвин) аралдарына қатысты баннер ұстауына байланысты тәртіптік тексеруді бастады.

Аргентина

Оқиға Англия мен Аргентина арасындағы матч аяқталғаннан кейін болған. Кездесуден соң жанкүйерлер аргентиналық футболшыларға «Мальвин аралдары Аргентинаға тиесілі» деген жазуы бар баннерді табыстаған. Кейін ойыншылар оны алаңда ұстап тұрған.

Аргентина
Фото: әлеуметтік желіден

Британия билігі бұл әрекетті саяси мәлімдеме деп бағалап, ФИФА-дан оқиғаға құқықтық баға беруді сұрады. Ұйымның тәртіптік комитеті матч делегатының есебін зерделеп, ойыншыларға қатысты қандай да бір шара қолдану-қолданбау мәселесін қарастырып жатыр.

Бірқатар британдық саясаткерлер аталған баннерді ұстаған футболшыларды Испанияға қарсы финалдық кездесуден шеттетуді талап еткен. Алайда ESPN мәліметінше, ФИФА финалға дейін нақты шешім қабылдауы екіталай.

Айта кетейік, ФИФА ережесіне сәйкес әлем чемпионаты барысында саяси сипаттағы мәлімдемелер мен акцияларға тыйым салынған. Мұндай талапты бұзғандар бірнеше мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Айта кеиейік, Фолкленд (Мальвин) аралдарына қатысты Аргентина мен Ұлыбритания арасындағы аумақтық дау бірнеше ғасырдан бері жалғасып келеді. 1982 жылы екі ел арасында Фолкленд соғысы болып, нәтижесінде аралдар Ұлыбританияның бақылауында қалған. Алайда Аргентина бұл аумаққа қатысты өз талабынан әлі күнге дейін бас тартқан жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз