Арыстанбек Мұхамедиұлы мен әйелі сотталды
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының бас бостандығынан айыру мерзімі аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін 8 жылдан 11 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық соты.
Арыстанбек Мұхамедиұлымен қатар оның әйелі Ғалия Ысқақова пара беру, делдалдық айыптауы бойынша істі болса, адвокат Мұстахим Төлеев алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп танылды.
Ғалия Ысқақова Мұхамедиұлы тергеу изоляторында отырған кезінде бас бостандығын, сондай-ақ меншігіндегі бір қонақүйдің сақталуын қалаған. 2022 жылдың желтоқсанында оның әйелі Төлеевке қонақүй мәселесін шешу үшін "тиісті адамға" деп 140 мың доллар, ал келесі айда күйеуінің бұлтартпау шарасын өзгерткені үшін 120 мың доллар, ал 2023 жылы тағы да істі жеңілдету үшін 100 мың доллар берген.
Судьялар Ғалия Ысқақованы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, 6 айға, Мұстахим Төлеевті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Ол бостандыққа шыққаннан кейін тағы 10 жыл адвокаттық қызметке орала алмайды.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін 8 жылға сотталған болатын. Экс-министр 2020 жылы Ұлттық музейді басқарып тұрған кезде мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталған еді.