Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:32, 28 Қыркүйек 2023

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін Цезарьға, судьяны Геркулеске теңеді

арыстанбек
Фото:Almaty.tv

«Біз Рим империясының тарихынан адамзат тарихында сатқындық пен арамдықтың символы ретінде қалған Марк Юний Бруттың әрекетін жақсы білеміз

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа тағы келді. Бұл жолы бұрынғы шенеунік рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталып отыр.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, 2019 жылы Мұхамедиұлынан қаржылай көмек сұрап, Астанадағы «Diplomat» қонақ үй кешеніне иелік ететін кәсіпкер К.-ның танысы жүгінген. Мұхамедиұлы кәсіпкерге 2,5 миллиард теңге беруге келіскен, бірақ оның орнына одан ЖШС жарғылық капиталының 71 пайызын енесіне аударуды сұраған. Тергеу сол кезде шенеуніктің қонақүйді тартып алу жоспары болғанын көрсеткен.

Мәміле жасалғаннан кейін шенеунік қонақүйге жүйелі түрде келе бастаған, оны қызметкерлерге ортақ иелерінің бірі ретінде таныстырған. Артынша, айыптаушы тараптың айтуынша, Мұхамедиұлы К.-дан қалған 29 пайыздан бас тартуды талап еткен. Бұдан кейін шенеунік «Diplomat» қызметкерлеріне ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеу туралы бұйрық берген. Одан кейін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамалары бұрмаланып, онда серіктестік директоры Мұхамедиұлымен деп көрсетілген.

Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспей, жалынды сөз сөйлеп, жәбірленушіні саясаткер Марк Юниус Брутпен, ал өзін Гай Юлий Цезарьмен салыстырды.

«Біз Рим империясының тарихынан адамзат тарихында сатқындық пен арамдықтың символы ретінде қалған Марк Юний Бруттың әрекетін жақсы білеміз. Ал Гай Юлий Цезарь Бруттың сұмдығына қарамастан, тарихта қалды", - деді экс-министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, судья Әбінұр Қарабаев тарихта Геркулес деген атпен қалады.

«Авгий патшаның қорасын көңнен тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты сіз де осы сот ісіндегі арамдық пен өтірікті жоясыз деп сенемін», - деді Мұхамедиұлы судьяға.

Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін ол Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған болатын. Атап айтқанда, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, «Алтын адамның әлем музейлері арқылы шеруі» халықаралық көрмесіне, «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен мұражай қорларын ұлттық фотограмметриялық 3D сканерлеу» жобаларына бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.