Саясат

Арман Шораев: Тоқаев саяси реформаға жол ашпақ

Бүгін Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев тұңғыш рет халық алдындағы жолдауын жасады. Төменде «Қазақстан барысы»даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, кәсіпкер, жақында құрылған Ұлттыққоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арман Шораевтың жолдау туралы пікірі берілді.

Арман Шораев: Тоқаев саяси реформаға жол ашпақ

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесініңмүшесі, кәсіпкер Арман Шораев – Президент Қ.Тоқаевтың жолдауындағы жердіңшетелге сатылмайтындығы туралы пікірін ерекше қолдайтынын айтты.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа жолдауында көптегенигі бастамаларды көтеріп, елдің дамуына қажетті нақты ұсыныстар ұсынып,тапсырмалар берді. Оның ішінде маған ең ұнағаны – жердің шетелге сатылмауы жәнебос пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару туралы ұсынысыкөңілімнен шықты. Бұл еліміздің басты қағидасы. Қазір көптеген ауыл шаруашылығыжерлері латифундистердің қолында, яғни бір адам бірнеше мыңдаған жергеиелік етіп алып, оны қолданбай бос жатқан жағдайлар көптеп кездеседі. Президентосыған тосқауыл қоймақ. Менің ойымша бір адамға 50 мың гектардан артық жерберілмеуі керек», — деді ұлттық кеңес мүшесі Арман Шораев.

Оның айтуынша, ұлттықкомпаниялардағы қызметкерлердің санын қысқарту – саннан сапаға жол ашады.

«Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік және ұлттықкомпаниялардағы қызметкерлердің санын 25 пайызға қысқарту туралы айтқаны – өтеорынды.  Президент Қ.Тоқаев біздегі алпауыт ұлттық компаниялардағықызметкерлердің саны мен жұмысының нәтижесіне қарап, осындай шешімге келді дептопшылаймын.  Ұлттық компаниялар шағын және орта бизнеске демеу болуыкерек. Енді саннан сапаға көшетініне үміт басым. Сондай-ақ, Тоқаевтың жаңаданқұрылған шағын және орта бизнес кәсіпорындарын негізгі қызметі үшін 3 жылғасалықтан босату және осы аралықта шағын және орта бизнесті тексеруе тыйымсалғаны өте құптарлық жайт. Өйткені кез-келген елдің экономикасының тірегі осы– ШОБ», — деді ол.

Сондай-ақ ол Президенттің саяси реформажасау туралы ұсынысын жоғары бағалады.

«Соңғы он жылдатұңғыш рет саяси реформалау туралы ұсыныс естідім. Бұл туралы Тоқаевтың бүгінгіжолдауында айтылды. Президент мырза  саяси реформа болмай, ешқандайэкономикалық жетістіктерге қол жеткізе алмаймыз деді. Бұл пікір де мені қаттықанағаттандырады. Мемлекет басшысының бұл пікірі – жаңа партияның өміргекелуіне жол ашады деп сенемін. Парламентте тек қана бір ғана партия ғана емес,бірнеше партия болуы және олардың пікірі-ұсынысы тыңдалғаны жөн. Ұрыс-төбелескөшеде емес, парламент қабырғасында болуы тиіс», — деді Арман Шораев.

Арман Шораев 6 қыркүйек күні ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесуінде қандай ұсыныс ұсынатындығы туралы айтты.

«Тағы бір айта кетерлігі, Президент Қасым-ЖомартКемелұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесімен кездесу өткізетіні жоспарлануда. Солкеңестің саяси реформалар ұсыну тобында болғандықтан, қазіргі уақыттаұсыныстарымызды топтастырып жатырмыз. Одан кейін, 5 қыркүйекте біз өзтобымыздың атынан сөйлейтіндердің тізімін жасаймыз. 6 қыркүйек күніжариялаймыз. Онда саяси партиялар, бейбіт шерулер, жергілікті өзін-өзі басқарутуралы заңдарға өзгеріс енгізу тралы нақты ұсыныстар айтамыз. Сонымен қатарқұқық қорғау, сот жүйесі туралы да ұсыныстарымыз бар», — деді ол.

Дереккөз: strategy2050.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз