Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 10 Мамыр 2024

Армения халқы Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, көшеге шықты

d
Фото: из открытых источников

Бірнеше мың адам Ереванның орталығына жиналып, Әзербайжанмен шекараны делимитациялауға қарсы шеруге шықты. Олар премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Оны ұйымдастырушы Тавуш епархиясының басшысы архиепископ Баграт Галстанян Армения премьер-министрі Никол Пашинянды отставкаға кетуге шақырды. Ол студенттер мен кәсіпкерлерге арналған сөзінде, «ешқандай агрессиясыз, бірнеше күн» өткізу керек болатын ереуілге шығу керектігін айтты, деп жазады News.am.

Галстанянның айтуынша, наразылық білдірушілер Ұлттық жиналыста (Армения парламенті) Пашинянға сенімсіздік вотумын сұрайды. Ол бұл процесті ұйымдастыру мәселесін парламенттік фракциялармен талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Ал, BBC мәліметінше, Ереван орталығындағы шеру 4 мамырда шекарадағы Кирант ауылынан басталып, 9 мамырда Ереванға жеткен.

«Мен [алаңда] түнеймін, қажет болғанша қала беремін. Қалғысы келетіндер қалсын. Қалаған адам үйіне бара алады, бірақ олар 10-да осында болуы керек. Біз қалағанымызды алатынымызға сенімдімін. Біз кешіктірмейміз, нақты іс-әрекеттер жасап, бірігіп нәтижеге қол жеткіземіз», - деді Галстанян.

19 сәуірде Армения Сыртқы істер министрлігі Ереван мен Баку шекараның жеке учаскесін белгілеу, оның ішінде Тавуш аймағы мен Әзірбайжанның солтүстік-батысындағы Газах аймағы арасындағы төрт ауылдың аумақтық тиесілігі туралы алдын ала келіскенін хабарлады. Келісім шекара бойындағы төрт ауылды Бакуге беруді көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесіп, Әзірбайжан мен Армения шекараны демаркациялау үдерісін бастағанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, Әлиев Қазақстанның ұсынысы негізінде бейбітшілік келісімі бойынша келіссөздерді жалғастыру мақсатында жақын арада Алматыда екі елдің сыртқы істер министрлері кездесу өткізетінін айтқан.

Ал, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Армения мен Әзірбайжан арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылдың 10 мамырында өтетінін хабарлады.

Фото: Alexander Patrin/ITAR-TASS/IMAGO