Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының барлық әрекеттеріне қатысуын тоқтатады

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) барлық органдарындағы іс-әрекеттерге қатысуын тоқтатты, деп хабарлайды News.Am.
Премьер-министрі Никол Пашинян сенбі күнгі баспасөз мәслихатында бұл шешімнің ҰҚШҰ ға қатысты ұстанымда жеткілікті екенін мәлімдеді.
«Сіз Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын барлық деңгейде тоқтатқанын білесіз және қазіргі кезеңде біз бұл шешімді жеткілікті деп санаймыз», - деді.
Сонымен бірге ол Арменияның ҰҚШҰ-дан толық шығуы мүмкін күнін атамады. Маусым айының ортасында Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу ниетін жариялаған болатын.
Қазір, ұйымға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан мен Армения қатысады.
Биылғы күзде Қазақстанда ұйым елдері күштерінің жауынгерлік жаттығулары жоспарланған. ҰҚШҰ бір күн бұрын Қазақстандағы оқу-жаттығулар басқа елдерге қарсы бағытталмайтыны туралы мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді.