Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:25, 05 Наурыз 2024

Әрінов: Бұл жолы халық үрейге берілген жоқ

Әрінов
Фото: ҚР Үкіметі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты жағдайды айтты. 

Әріновтың сөзінше, Республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылған. Тәулік бойы «Жедел желі» жұмыс істеуде (ақпараттық сипаттағы 259 қоңырау түсті).

Кеше қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты (2 867), оның ішінде 906 бала (қазіргі таңда 74/30). Әкімдіктермен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасуда (қираған туралы 156 өтініш түсті).

Сонымен қатар, Министрліктің әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді. Алгоритмға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде.

Жер сілкінісін кез-келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес. Осыған байланысты Министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. 20 ақпаннан бастап Алматыда азаматтарды төтенше жағдайларға даярлау үшін Министрліктің бастықтары қатарынан жедел топ жұмыс істеуде (85 қызметкер). Осы қысқа мерзім ішінде, жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың іс-қимылдары туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ, деді министр.

Халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін, қосымша Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметкерлер жіберілген.

Қазіргі уақытта, ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты.

Фото: ҚР Үкіметі