Қоғам

АрселорМиттал шахтасы тағы да өртенді

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы өрт шықты. Қарағанды ​​облысындағы «Саранская» шахтасында болған өртке байланысты жұмысшылар эвакуацияланды.

АрселорМиттал шахтасы тағы да өртенді

«Тез арада апатты жою жоспары енгізілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деді компания өкілдері.

Ал, тұрғындар түнде шахта жақтан гуіл мен сирена естілгенін әлеуметтік желіде жазып жатыр.

Еске салайық, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Казахстанская» шахтасында өрт конвейер лентасынан шыққан. Өрт кезінде бетте 227 адам болған.

Кейін 222 адам жер бетіне шығарылды. 19 тамызда қаза тапқан бес кеншінің денесі табылды. Шахтадағы өрт жалғасып, өрт көмір қабаттарына тараған.

Бүгін елімізде кеншілер күні. Қайғылы жағдайға байланысты облыстық әкімдік биыл кеншілер күні өңірдегі барлық салтанатты іс- шаралар тоқтатылатынын хабарлады.   Осылайша, тарихта бірінші рет кеншілер күні атаусыз қалып отыр. 

Тегтер: Без Тега
Айтбала Сүлейменқызы
Айтбала Сүлейменқызы Айтбала Сүлейменқызы

Оқыңыз