Әлеумет

Әскерден мүгедек болып оралған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды

Қаралы хабарды анасы Гүлсім Қамиева хабарлаған. Алайда ол баласының денесінің суымағанын, бірақ аппараттан ажыратылғанын мәлімдеген еді.

Ербаян Мухтар

Адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында Ербаян Мұхтардың қайтыс болғанын хабарлап, марқұмның жақындарына көңіл айтты. Ол сондай-ақ сарбаздың өмір үшін күрескен сәттері бейнеленген видеоны жариялады.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар 2023 жылы басынан ауыр жарақат алған болатын. Соңғы күндері оның денсаулық жағдайы күрт нашарлап, ол Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылған еді.

Марқұм сарбаздың жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырып, оның денсаулығы мен емделу барысы көпшіліктің назарында болды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз