Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 05 Тамыз 2024

Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды

d
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасының жойылғанын мәлімдеді. 

А.ж. шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды. Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, делінген хабарламада.

Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынған. «Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.