Қоғам

Астана тұрғынын 4 млн теңгеге алдаған жалған кеңесші әшкереленді

Астанада полицейлер алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін консалтингтік компанияның қызметкері ретінде таныстырып, мемлекеттік гранттарды рәсімдеу саласында қызмет көрсететінін айтқан. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік грант алуға көмектесетінін уәде еткен.

Күдікті грантты мақұлдату, құжаттарды дайындау және түрлі ұйымдастыру шығындарын сылтау етіп, жәбірленушіден бірнеше рет ақша алған. Алайда уәде етілген грант берілмеген, ал алынған қаражат өз мақсаттарына жұмсалғаны анықталды. Осылайша жәбірленушіге 4 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзге де алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз