Астанада 1 сыныпқа барған оқушылардың 40%-ы орыс тілінде білім алады
Қазір Астана мектептерінде жалпы 255 мың оқушы білім алып жатыр. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.
Елорданың жалпы білім беретін мектептерінде бірінші сыныпқа құжат қабылдау биыл 1 сәуірде басталды. Білім беру мекемелері 26 650 бірінші сыныпқа – 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде оқытатын бала қабылдады.
«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектеп бірінші сыныпқа емтихансыз қабылдайды. Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы құжаттарды қабылдау аяқталды, енді ата-аналар өтініштерді қағаз түрінде береді. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін қабылдау комиссиясы жұмыс істейді», — деді Қасымхан Сенғазиев.
Елордада жаңа оқу жылына 10, 11 (12) сыныптарға оқушыларды қабылдау 15 тамызда аяқталды.