Қоғам

Астанада 22 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты

Астанада 22 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап, көз жұмды.

Полицтя

Қайғылы оқиға Роза Бағланова көшесі маңында болған.Алдын ала мәлімет бойынша, жас қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз құлаған кезде сол маңда тұрған курьердің мотоцикліне түскен.

Астана қаласының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша қайғылы жағдайға қатысты нақты құқықтық баға беріледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз