Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 25 Шілде 2024

Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды

в
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді.

Ведомства мәліметінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.

Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған.

Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды, делінген хабарламада.

 

Тегтер: