Астанада әдепсіз видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салынды
Полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісінде әдепсіз сөздер мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар бейнежазбаны жариялаған 25 жастағы шетел азаматын анықтады.
Бейнежазба Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсірілген.
Кейін бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған.
Бейнежазба авторы Ангелина Ванинаға сот шешімімен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.