Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:55, 19 Тамыз 2024

20 тамыз күні Астанада АЭС салу мәселесі талқыланады

у
Фото: pixabay

Астана қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтеді.

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Астана қаласында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша және АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша кез келген сұрақтарын қоя алады, делінген Астана қалалық мәслихаының хабарламасында.

Жария талқылау өткізілетін орны: «Radisson Hotel» қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы 4.

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 20 тамыз сағат 09.00-де.