Қоғам

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты

25 қыркүйек күні таңертең Жетісу облысы Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.

өрт

Өрт кезінде үш бала көз жұмды. Өрт барак үлгісіндегі жеке үйде болған. Анасы 13 жастағы баласымен бірге сыртқа шығып үлгерген. Алайда тағы үш бала үй ішінде қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында бір, алты және сегіз жастағы үш баланың денесін тапты.

Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз