Астанада Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу шаралары өтеді
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада 28 мамыр күні ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді.
Іс-шараға дайындыққа байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.
«Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүргізіліп, қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді», - делінген хабарламада.