Қоғам

Астанада бассейнге барған 24 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түсті

Оқиға Астанадағы PrimeVill демалыс кешенінде болған.

басс

24 жастағы жігіт бассейнде шомылып жүрген кезде кенет есінен танып, суға бата бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, оған алғашқы көмекті сол жерде демалып жүрген адамдар көрсеткен. Олардың сөзінше, оқиға кезінде аумақта құтқарушы, медицина қызметкері және алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы болмаған. Ал жедел жәрдем қызметін де демалушылар өздері шақырған.

Қазір жігіт жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Зардап шеккен азаматтың анасы оқиғаға қатысты әділ шешім қабылданбаса, мұндай жағдайлар басқа демалыс орындарында да қайталануы мүмкін екенін айтты.

Ал оқиға болған PrimeVill демалыс кешені жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз