Қоғам

Астанада Бауыржан Байбектің 90 млн теңге тұратын сағаты ұрланды

Астанада Бауыржан Байбекке тиесілі коллекциялық сағаттардың ұрлануына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бауыржан Байбек

Полиция бұл іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы ер адамды ұстады.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, күдікті Байбектің қызметкерінің көмекшісі екен және оның үйіне кіруге мүмкіндігі болған. Үй иелері шетелге кеткен кезде ол қосалқы кілтті пайдаланып, түпнұсқа сағаттарды алдын ала сатып алған көшірмелерімен ауыстырған деген болжам бар.

Күдікті үйдегі қымбат сағаттарды алып кетумен шектелмеген. Ол алдын ала Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркаларының көшірмелерін сатып алып, түпнұсқа бұйымдарды солармен алмастырған.

Ұрланған коллекцияның жалпы құны шамамен 90 млн теңге болғаны айтылады.

Отбасы шетелден оралғаннан кейін сағаттарды тексеріп, олардың түпнұсқа емес екенін анықтаған. Осыдан соң полицияға арыз берілген.

Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған сағаттарды сатып алған адамның да аты-жөнін тергеушілерге айтқан.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз