Live

Астанада велосипед мінген оқушыны жүк көлігі қағып кетті

Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен велосипед мінген оқушы қаза тапты.

1

Бетон жүк көлігінің астына түскен велосипед мінген бала оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы оқиға Байқоңыр ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне оңға бұрылған кезде велосипед мінген баланы қағып кеткен.

Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан жеткіншек №27 мектептің 5-сынып оқушысы болған.

Болжам бойынша, бала бұрылыс кезінде ірі жүк көлігінің жүргізушісі оны көрмей қалған болуы мүмкін.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, мектептердің, аулалардың, жаяу жүргінші өткелдерінің маңында және бұрылыстарда ерекше мұқият болу қажеттігін ескертті.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз