Қоғам

Астанада ер адам кішкентай баланы ұрлап кетпек болған

Астанадағы Сарайшық ауданында кішкентай баланы ұрлап әкету әрекеті тіркелді.

Полиция

Белгісіз ер адам баланы адамдар аз жерге қарай сүйреп әкетпек болған. Алайда оқиға куәгерлері жағдайды дер кезінде байқап, баланы арашалап қалған. Кейін бірден полицияға хабар берілген.

Желіде тараған видеода жасөспірім: «Мені бір аға ұрлап кетпек болды» деп айтқан сәті көрінеді.

Құқық қорғау органдары 56 жастағы ер адамды анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз