Әлеумет

Астанада футбол қақпасы құлап, бала зардап шекті

Астанада жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті.

1

 

 Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға 10 тамызда Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) тиесілі футбол алаңында болған. Федерация мәліметінше, аталған нысан жаттығу өткізу үшін жекеменшік футбол мектебіне жалға берілген.

ҚФФ футбол алаңы мен ондағы жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты ішкі тексеріс бастаған. Сондай-ақ федерация оқиғаның мән-жайын анықтап, құзырлы органдарға қажетті ақпаратты беруге дайын екенін мәлімдеді.

Әзірге зардап шеккен баланың жасы, алған жарақатының сипаты және қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Тегтер: футбол
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз