Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:33, 20 Мамыр 2024

Астанада халықаралық IT-форум өткізілмейтін болды

d
Фото: из открытых источников

Қазақстанда халықаралық Digital Bridge 2024 IT-форумы өткізілмейді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, форум еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты кейінге шегерілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырмасына сәйкес Digital Bridge 2024 халықаралық ІТ-форумын өткізбеу туралы шешім қабылданды. Форумды өткізу Астанада осы жылдың 5-7 қыркүйегіне жоспарланған болатын.

Биыл көктемдегі су тасқыны Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болды. Осыған байланысты, ауқымды қиратулардың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаражатты үнемдеу мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке жоспарланған имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізуден бас тартуды тапсырды.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub халықаралық технопаркі форумға қатысуға мүдделі барлық адамдарға алғыс білдіреді. Қолайлы жағдайларда Digital Bridge халықаралық IT-форумы өз жұмысын 2025 жылы қайта бастайды, делінген хабарламада.

Биыл алтыншы рет өткізу жоспарланған Digital Bridge 2018 жылы басталып, IT-индустрияның соңғы тенденциялары мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаң болды.

Айта кету керек, 2020 жылы форум төтенше жағдайда - жаһандық COVID - 19 пандемиясына байланысты өткізілмеді.

 

Photo: Astana Hub

Тегтер: