Қоғам

Астанада көшеде есінен танып қалған әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды

Астанада көшеде әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған.

Астана

Оқиға орнында болған адамдар оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысып, жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасаған.

Жедел жәрдем бригадасы шамамен 18 минуттан кейін жетіп, реанимациялық шараларды жалғастырған. Алайда дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын тіркеді. Марқұмның денесі полицияға тапсырылды.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз