Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:17, 21 Мамыр 2024

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы басталды

с
Фото: из открытых источников

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Жиын Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтумен басталды.

Қазақстанның төрағалығымен өтетін бірлескен отырыс барысында делегация басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, қауіпсіздік мәселелері және ШЫҰ аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады.

Сонымен қатар, ұйымның саммитіне дайындық (3-4 шілде), халықаралық және аймақтық өзекті тақырыптарды талқылайды. 

Сондай-ақ, отырыста министрлер ШЫҰ-ның жаңа бас хатшысы мен ШЫҰ-ның терроризмге қарсы аймақтық құрылымының атқарушы комитетінің директоры қызметіне кандидаттарды қарайтыны айтылған.

Кездесуге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И, Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Үндістанның Сыртқы істер вице-министрі Рави Дамму, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафари, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев қатысуда.

Фото: Ақорда

Тегтер: