Қоғам

Астанада іске қосылғанына бір күн болған LRT пойызы тоқтап қалды

Астана тұрғындары әлеуметтік желіде LRT пойызының жол үстінде тоқтап қалғанын хабарлап жатыр.

LRT

Интернетте тараған видеоларда көліктің қозғалыссыз тұрғаны көрінеді.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ. Сондай-ақ пойыздың не себепті тоқтап қалғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, елордадағы LRT желісі ресми түрде кеше ғана іске қосылған болатын. Алайда арада бір күн өтпей жатып, жаңа қоғамдық көліктің қозғалыс кезінде тоқтап қалғаны туралы ақпарат тарады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз