Live

Астанада тандыр самса пісіретін орында жарылыс болды: үш адам зардап шекті

Астанадағы базарлардың бірінің аумағында орналасқан тандыр самса пісіретін қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, үш адам зардап шекті.

Е

 Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға Байқоңыр ауданындағы Ш. Жиенқұлов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа көлемі 50 литрлік композитті газ баллонының қысымы жоғалуы (герметизациясының бұзылуы) себеп болған.

Жарылыс салдарынан нысанның төбе жабындысының бір бөлігі толық опырылып, есік ойығы жарылыс толқынынан зақымданып, майысқан.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, барлау барысында үш зардап шегушіні анықтаған. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар газ баллонының не себепті герметизациясы бұзылғанын анықтап, нысанда газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруде.

Тегтер: Астана
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз