Қоғам

Астанада тісін емдеуге келген 21 жастағы жігіт емханада көз жұмды

Астана қаласындағы жеке тіс емханаларының бірінде 21 жастағы Мұрат Есболған есімді азамат тіс емдету кезінде қайтыс болған.

Тіс нмдеу

Жақындарының айтуынша, марқұм емханаға дені сау күйде барған. Тіс емдеу кезінде оған анестезия салынған, алайда туыстарының пікірінше, алдын ала аллергиялық сынама жасалмаған. Бірінші инъекциядан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, құрысу белгілері байқалған. Соған қарамастан, екінші рет дәрі енгізілгені айтылады.

Осыдан кейін жас жігіт есінен танып құлаған. Туыстарының сөзінше, жедел жәрдем тек науқас ес-түссіз жатқаннан кейін ғана шақырылған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрі-дәрмек қолданғанымен, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

«Ол жерге құлап түскеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер келген кезде де жағдайы ауыр еді. Барымыздан айырылып отырмыз», – дейді марқұмның туысы.

Жақындарының айтуынша, медициналық процедураны тікелей тәжірибеден өтіп жүрген жас маман жүргізген. Оның жасы 23-те екені және бірнеше дипломы бар екені айтылуда. 

Отбасы мүшелері емхана қызметкерлерінің әрекетіне наразы болып, оқиғаның толық әрі әділ тергелуін талап етуде. Олардың пікірінше, медициналық қауіпсіздік талаптарының сақталмауы қайғылы жағдайға әкелген болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде де аталған жағдай кеңінен талқыланып, азаматтар медициналық мекемелердегі бақылауды күшейту қажеттігін айтып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз