Астанада тұрғын үйдің ауласында екі жасар баланы көлік қағып кетті
Қайғылы оқиға 3 мамырда Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
KIA Seltos автокөлігінің жүргізушісі жолға кенеттен жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Бала небәрі 1 жас 8 айлық болған.
Полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.