Live

Астанада зейнеткер мен әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінде егде жастағы ер адам мен оны қорғауға тырысқан әйелге шабуыл жасалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін күдікті ұсталды.

1

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның подъезден шығып, үй алдында отырған зейнеткердің бетінен жұдырықпен ұрғаны көрінеді. Кейін ол егде жастағы азаматты қорғауға тырысқан әйелдің соңынан қуған.

Желі қолданушылары шабуыл жасаған адамның кім екенін анықтап, жауапқа тартуды талап еткен.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталған.

«Анықталғандай, алкогольді масаң күйде болған 28 жастағы ер адам подъезден шығып, егде жастағы азаматқа дене жарақатын салған. Сондай-ақ зардап шегушіні қорғауға тырысқан 41 жастағы әйелді де бірнеше рет ұрған», – деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық пен агрессия заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: қылмыс
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз