Астанада жанжалдасып қалған ерлі-зайыпты балаларының көзінше қайтыс болды
Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ер мен әйел адам қайтыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал туындаған. Жанжалдың арты ерлі-зайыптының қазасымен аяқталған. Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге белгісіз.
Көршілердің айтуынша, болған жағдайды 12 және 14 жастағы екі бала көрген.
Қазір оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.